Ата-аналарға ақпарат

 

ПМУ-дың колледждері түлектерді шақырады

 

 

WhatsApp_Image_2020-05-05_at_11.03.32.jpeg

 

1112211.jpg

 

456564.jpg

 

 

 

 

5_шн4г3ец.jpg  Ата-аналар! Сіздің балаңыз үйде қашықтықтан білім алатындай өте маңызды. Сіз оқушының жұмыс орнын дұрыс орналастыру үшін ойлауыңыз керек!

 

3т_иек2.jpg

 

 

.jpg

 

4ьг3тн2ие.jpg

 

 

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Асхат Аймағамбетовтің ата-аналарға жазған хаты

Құрметті ата-аналар!

Балаларымыздың көктемгі каникулы 16 наурызда басталды. Қазіргі кезде ата-аналардың басым бөлігі үйде және балаларға 21 күнге созылатын демалысты қызықты әрі пайдалы өткізуге көмектесе алады.

Менің ұлым – төртінші сынып оқушысы. Өзі кітап оқығанды жақсы көреді. Мысалы, оқу жылы басталғалы «Робинзон Крузо», «Том Сойердің бастан кешкен оқиғалары», «Менің атым – Қожа», «Көшпенділер» трилогиясы кітаптарын бірге оқып шықтық. Сүйікті кітабымыз – «Капитан Гранттың балалары». Сондай-ақ ежелгі грек және мысыр мифтері мен аңыздарын қызыға оқып шықтық.

Ата-аналардың балаларды кітап оқуға баулығаны өте маңызды. Егер бала Сіздің кітап оқып отырғаныңызды жиі байқайтын болса, өзі де қолына кітап алатын болады.  

Маған бала кезімде ғылыми фантастика жанрында жазылған туындылар ұнайтын. Айзек Азимовтың, Рэй Брэдберидің, ағайынды Стругацкийлердің, Клиффорд Саймактың, Роберт Хайнлайнның еңбектері қиялымды оятатын. Осы авторлардың туындыларын оқып, күні бойы хикаялардың мазмұнын ойлап жүруші едім.

Осылайша, есейе келе, ғылыми әдебиеттерге деген қызығушылығым артты.  Сондықтан, балаларды осы жанрға баулу өте маңызды деп ойлаймын. Бала күнде оқыған сүйікті туындыларыңызды балаларыңызға ұсынып көріңіздер. Ең бастысы, бала үйде кітапты неғұрлым көп оқитын болса, мектеп бағдарламасын соғұрлым жеңіл меңгеретінін ұмытпаңыздар.

Кітап оқудан бөлек, отбасымен танымдық видеоларды қарауға болады. Мысалы, видеосабақтарды, тренингтер мен ғылыми тәжірибелерді, TED-конференцияларын және т.б. Біздің министрліктің сайтынан білім беру ресурстарының тізімін таба аласыздар. Айтпақшы, қазіргі кезеңде білім беруге бағытталған сайттарды пайдалану барысында трафик есептелмейді, яғни тегін болады. Ол үшін біз интернет провайдерлерімен келісім орнаттық. Бұл қосымша білім беру орталықтары, курстар мен секциялар жұмысын тоқтатқан кезеңде өте ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, бұл – балаларды онлайн-форматта білім алуға икемдеуге жақсы мүмкіндік, болашақта пайдасы тиетіні де сөзсіз.

Ата-аналардың басым бөлігі каникул аяқталған соң, оқу процесі қалай ұйымдастырылатынын уайымдауда екенін білемін. Қазіргі уақытта оқуды қашықтан жүргізуге көмектесетін ақпараттық жүйелерді дайындап, тестілеудеміз. Кейбір сабақтарды телеарналар арқылы өткізуге болады. Бұл формат біздің оқушылар мен ұстаздар үшін үйреншікті емес, сондықтан педагогтердің жұмысына түсіністікпен және құрметпен қарауларыңызды сұраймын. Олар оқушыларын сағынды және мектепке келер сәтін асыға күтуде.

Бұл – министрдің емес, жағдайға байланысты балаларымызда кенеттен пайда болған бос уақытты тиімді өткізуді және осы кезең бізді балаларымызбен жақындастыра түсуді қалайтын әкенің ұсыныстары ғана. Балапандарымыздың бақытты болуы біз бен Сізге тікелей байланысты.
Өзіңіз бен жақындарыңыз аман болғай!


Ізгі ниетпен,
Асхат Аймағамбетов

 

 

 ___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

90229981_512906336039344_2134011174141167422_n.jpg

 

 

90418299_103515837891968_4865342339693072989_n.jpg

"Құрметті ата-аналар! Жол бермеңіз балалардың өзеніне үлкендердің қарауынсыз; ескерткен болу қауіптілігі туралы мұздағы ашқан кезде өзендер немесе көлдер, балаларға түсіндіріңіз сақтық шаралары сең жүру және көктемгі су тасқыны. Қымбатты балалар! Осы кезеңде су айдындарындағы жүріс — тұрыс ережелерін ұмытпаңыз — көктемгі су тасқыны кезінде мұзға шықпаңыз, жыртылған және жуылған жағалауларда тұрмаңыз-олар білінуі мүмкін. Өз өміріңізді қауіп төндірмеңіз!"

 

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 82625260_1630437310436869_9033382487168650715_n.jpg

 

 

90087514_120790922856554_1755347779187665552_n.jpg

 

90087513_208473797170714_5447694859386321396_n.jpg

 

 

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Құрметті пайдаланушылар!

Жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарындағы көктемгі демалыс күндері, ағымдағы оқу жылының 16 наурызынан 5 сәуіріне аралығында өтеді.

Нұсқаулықпен танысу үшін, сілтеме бойынша өту қажет: https://portal.kundelik.kz/articles/270-dosrochnye-kanikuly

 

 

 

Педагогтердің және ата-аналардың назарына!!!

Оқушылардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2019/2020 оқу жылының көктемгі каникулы 16 наурыздан 05 сәуірге дейін өзгертілді. ІІІ тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ( бұдан әрі - ТЖБ) 12-14 наурыз аралығында әр мектепте жоспарланған кесте бойынша өткізіледі. Сонымен қатар әр пән бойынша бір күнде өткізілетін ТЖБ саны 3-4 тен аспауы тиіс. Типтік оқу жоспарына сәйкес үшінші тоқсанда ТЖБ тапсыратын пәндер саны:
1 сыныптарда- 4
2 сыныптарда-5
3 сыныптарда-6
4 сыныптарда-6
5-6 сыныптарда- 7
7 сыныпта-10
8-9 сыныптарда - 11
10-11 сыныптарда- 10.
Оқушыларға шамадан тыс салмақ түсіруге рұқсат етілмейді.
Осы аралықта ұзақ уақыт денсаулығына байланысты босатқан оқушылар ТЖБ 4- тоқсанның басында Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 26 қарашадағы 509 бұйрығы негізінде жеке кесте бойынша тапсырады.
❗❗❗Каникул уақытында оқушылардың көпшілік орындарға бармауы, жеке бас гигиенасын қадағалаулары ұсынылады.

 

 

 

 _____________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

.jpg

 

 

 

___________________________________________________________________________________________________________________________

 

.jpg

 

 

.jpg

 

 

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 

 

Вирустық аурулардың таралуының алдын алу бойынша

білім беру ұйымдары үшін

ЖАДНАМА

Білім алушылар арасында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында облыстардың,                     Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, білім беру ұйымдары денсаулық сақтау органдарымен және ұйымдарымен бірлесіп, оқушылар мен педагогикалық ұжымдарда, сондай-ақ ата-аналар қоғамдастығының арасында профилактикалық іс-шаралар кешенін өткізу қажет.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:

1) білім беру органдары мен ұйымдарының басшыларына:

- білім беру ұйымдарында вирустық аурулардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарын құруды(ҚР ДСМ 11.09.2013 ж. № 466 бұйрығы бойынша жұмыс істеу);

- барлық білім алушыларды, педагогтар мен ата-аналарды вирустық инфекция, оның ішінде коронавирустық инфекция белгілері туралы,               сондай-ақ коронавирустық инфекцияға күдікті уақытта алдын алу шаралары мен іс-әрекеттері туралы хабардар етуді қамтамасыз етуді;

- білім беру органдары мен ұйымдарының ресми сайттарында                      ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

- коронавирустық инфекцияға күдікті адамдарды анықтау кезінде білім беру объектілері қызметкерлерінің әрекет ету тетігін әзірлеуді;

- білім беру ұйымдарында (дәліздер, фойелер, кабинеттер, зертханалар, акт және спорт залдары) санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді, қажет болған жағдайда күшейтілген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуді: желдету режимі, кварцтау режимі, жинау режимі, ауызсу режимі, сондай-ақ білім беру ұйымының техникалық персоналымен жүргізілетін ылғалды жинау санын арттыруды;

- санитарлық дәрігерлерді шақырумен дезинфекциялық құралдарды қолдану және жұмыс ерітінділерін дайындау бойынша персонал үшін санминимум жүргізуді;

- білім беруді ұйымдастыруды сабын-жуу мен дезинфекциялау құралдарының қажетті санымен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауды;

- вирустық инфекциялармен сырқаттанушы балаларды күнделікті бақылауды (температураны өлшеу, визуалды тексеру);

- вирусты инфекциялардың эпидемиясы мен өршуі кезінде бір сынып оқушылары күні бойы бір сынып бөлмесінде қалуы үшін кабинеттік оқу жүйесін тоқтатуды;

- коронавирустық инфекцияға күдікті науқастар анықталған жағдайда білім алушылар мен тәрбиеленушілерді уақытша оқшаулауды қамтамасыз ету, болмаған жағдайда изоляторға орналастыруды ұйымдастыруды;

- маскалық режимді ұйымдастыруды (ауырған баламен қарым-қатынаста медицина қызметкерлерінің, педагогтардың маскаларын киюі; ас блогының қызметкерлері балаларға тамақ тарату кезінде) (карантин кезінде);

- ауру қызметкерлерді білім алушылармен және тәрбиеленушілермен жұмысқа жіберуге тыйым салуды (карантин кезінде);

- «Вирустық инфекция», «Коронавирустық инфекция» санитарлық бюллетенін шығару, білім беру ұйымдарының көрнекті орындарына ақпарат орналастыруды (карантин кезінде);

- қажет болған жағдайда денсаулық сақтау органымен келісе отырып, басқарманың бұйрығына сәйкес жеке топтарда, сыныптарда, барлық білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтатуды ұсынады.

2) мұғалімдер мен сынып жетекшілерге:

- әрбір сабақтың басында балада кемшілік белгілерін анықтау үшін білім алушыларды көзбен шолып тексеру жүргізуді;

- сабақта бала мазасызданбаған жағдайда білім беру ұйымының медицина қызметкерін хабардар етіп, ата-аналарына хабарлауды;

- әлеуметтік желілердің чат-топтарында ата-аналар арасында вирустық аурулардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді;

- білім алушылардың гигиеналық нормаларды сақтау бойынша шараларды күшейтуді;

- вирусты инфекцияның, коронавирустық инфекцияның алдын алу, коронавирустық инфекцияға күдікті кездегі іс-әрекеттер және алдын алу шаралары туралы тақырыптық сынып сағаттарын өткізу, ақпараттық бұрыштар құруды;

Сонымен қатар, жалпы мектептік және сыныптан тыс іс-шараларды, сондай-ақ жалпы мектептік және сынып ата-аналар жиналысын өткізуді шектеуді ұсынады.

3) ата-аналар баланы адамдар көп жиналатын жерден қоршауы қажет. Баланы мектепке жібермеу және тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгіну қажет.

Сабақты/сабақты тоқтату кезінде:

Сабақ өткізу күні мерекелік күндермен, ауа-райы жағдайларына байланысты ақталған күндермен, эпидемиялық және пандемиялық аурулардың салдарынан карантинді енгізумен сәйкес келген жағдайда сабақ тақырыптарын/оқыту мақсаттарын оқу пәні бойынша жақын/туыстық тақырыптармен/мақсаттармен біріктіру/ құрастыру, интеграцияны ескере отырып, көрсетілген күнге дейінгі немесе одан кейінгі сабақтарда сағат саны аз болған жағдайда оқу қажет. Бұл ретте, қосымша сағаттар бөлінбейді.

Біріккен сабақтар тақырыбының журналдарында бір жолда көрсетіледі. Бұл өзгерістер мұғалімдердің жалақысына әсер етпейді, оқу сағаттары орындалды деп есептеледі.

Біріккен сабақтарда неғұрлым жеңіл мақсаттар қою, жазбаша жұмыстарды жоспарламау ұсынылады.

Білім беру ұйымы басшысының бұйрығы негізінде осы өзгерістер электрондық журналдарды техникалық қолдау арқылы көрсетіледі.

 

4.jpg

 

 

7.jpg

 

 

10.jpg

 

_______________________________________________________________________________________________________________ 

 

.jpg

 

 

_______________________________________________________________________________________________________________

 

.jpg Үй тапсырмасы не үшін қажет?


Бұл сұрақ оқушылар мен ата-аналарды қатты толғандырады. Кейбір ата-аналардың «үй тапсырмалары балаларды «қинау» үшін ғана беріледі» деп ойлайтыны да жасырын емес.Үй тапсырмасын бермеу мұғалімнің де жұмысын жеңілдетер, алайда бұл - МҮМКІН ЕМЕС!

Мәселенің мәні: үй жұмысы ермек үшін берілген тапсырма емес, ол оқу процесіндегі ЕҢ МАҢЫЗДЫ дүние.Өйткені, оқытудың кез-келген түрінде бастысы мұғалімнің түсіндіруі ғана емес (мейлі мұғалім қаншалықты талантты болса да), маңыздысы оқушының ЖЕКЕ жұмыс жасай алуы. Қарапайым ғана бір мысал, адамға фортепианада ойнауды жыл бойы түсіндіруіміз мүмкін, бірақ үйренуші адам өзі осы аспапқа отырып, қолдарын жүгіртпесе нәтиже НӨЛ болады. .

Бірге талқыға салайық. Жеңіл атлетші жүгірумен айналысудан бас тартса не болады? Әрине, ол өз кәсіби біліктілігін жоғалтады. Үй тапсырмасын елемейтін баланы да осы жағдай күтіп тұр. Өз бетінше жұмыс жасамау регресске алып келеді. Регресс дегеніміз – тоқырау!


Көпшілікке белгілі, балалардың қабылдау деңгейі әртүрлі. Кейбір балалардың есте сақтау қабілеті дамыған, олар есту арқылы-ақ ақпараттың бәрін жадта сақтай алады, ал кейбір балалар міндетті түрде жеке жұмыс жасауды қажет етеді, тіпті бірнеше балалардың қабілеттерін арттыруға жеке шығармашыл жол таба білу керек.


Ең бастысы – мектепте оқудың мақсаты білім алу ғана емес, оны ӨМІРДЕ ҚОЛДАНА БІЛУ. Білімін әрі қарай жоғары оқу орындарында жалғастыруда өз білімін жетілдіруі, жеке жұмыс жасай алуы маңызды екенін ұмытпау қажет. Сондықтан үй тапсырмасынсыз болмайды. .

 

 

c7cce3c4-82e0-4f26-892a-db9f958fde6a.jpg

 

 

044816fb-9404-42c9-b73b-e773ae83532c.jpg

 

 

 

 

 

122у32к.png

 

 

"Білім берудің жаңартылған мазмұны жағдайында критериалды бағалау" атты ата-аналар жиналысының »

Есебі

                                         15.11.2019ж. №2 Песчан ЖОББМ

2019 ж.15 қарашада Песчанка №2 ЖОББМ базасында 5,10 сыныптар үшін "жаңартылған білім мазмұны жағдайында критериалды бағалау. Мектеп директоры Н. Т. Алипова кіріспе сөз сөйлеп, оқу үрдісіне критериалды бағалаудың жаңа жүйесін енгізу қажеттілігі туралы айтты. Мектеп координаторы Т. Н. Касаткина мектептегі сабақтарда формативті бағалау, ББЖБ, ТБЖБ қалай жүргізілетіні, дескрипторлар және бағалау критерийлері деген не, олар не үшін қажет және мектепте модерация процесі қалай өтіп жатқандығы туралы айтып берді. Ата-аналар қоғамдастығына "ҚО өткізу тәртібі туралы" бейнематериал ұсынылды, "ата-анаға нені білу керек?", сондай-ақ"электрондық журнал қалай толтырылады" бейнеролигі.

Пән мұғалімдері оқушылардың жиынтық жұмыстарының нәтижелерін айтып, көрсетті. Ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Соңында ата-аналарға ұсыныстар беріліп, кездесудің қорытындысы шығарылды.

 

 

 

 

IMG-20191118-WA0059.jpg

 

 

IMG-20191118-WA0066.jpg

 

IMG-20191118-WA0067.jpg

 

 

.png

 

 

 

Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша

 

2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды.
Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды(ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).
Тамақтану сапасы мен қауіпсіздігін кепілдендіру мақсатында Ережелерде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған өнім берушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер көзделген (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісі, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы).
2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.
Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.
Өнім берушілердің жаңа және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін Ережелерде өнім берушілердің мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде пайдаланылатын (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша балл алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.
Тағамдардың, Тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.
Өнім беруші Шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы өнім беруші жосықсыз деп жарияланады (2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).
2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесе отырып, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектептік тамақтанудың бірыңғай нормалары әзірленді(2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ПП-не толықтырулар енгізілді).
Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы көзделген.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.
2019 жылдан бастап министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп конкурстық рәсімдерді мемлекеттік сатып алу порталы арқылы электрондық форматқа ауыстыру мәселесін пысықтауда.
Бүгінгі күні мектеп қызметкерлері мен ата-аналар жұртшылығының қызмет көрсетуіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық түрде қарастырылған. Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.
Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.
Осылайша,қазіргі уақытта мектеп әкімшіліктеріне балалардың тамақтану сапасына ықпал етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктер пысықталды. Бүгін, бірінші жоспарға білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейі шығады деп тану керек.
Осыған байланысты, Министрлік қызметінің негізгі бағыты мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру бойынша тамақтану сапасын бақылау бойынша бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарын балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар анықталған кездегі одан арғы іс-әрекеттер туралы хабардар ету.

 

 

 

 

 

Қауіпқа Назар аударыныз!!!

Біраз мерзімнен соң жаз маусымы басталады, балаларымыздың жазғы демалысқа шығуларына да бір айдан азғана уақыт қалды. Олардың еркіндікке қолдары жетіп, уақыттарын ата-аналары тарапынан қадағалаусыз өткізетін бос уақыттары көбейеді. Ата-аналардың электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді өз балаларына ескертіп олармен таныстыру үшін біраз уақыттарын бөлуі қажет болады. Ол Сізді және Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:

- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасымалдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;

- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформатор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтижесінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;  

- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформатор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, баланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;

- 2018 жыл. Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып электр желісіне тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.

Сондықтан, мыналарды істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады:

  • Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
  • Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жалаңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
  • Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
  • Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
  • Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
  • Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
  • Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер тығуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
  • Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қауіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
  • Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штепсель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
  • Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақтай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
  • Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
  • Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
  • Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (керамикалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастархан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.
  • Желіге қосулы электр құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды бақылауды балаларға тапсыруға болмайды. Бұл өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.

ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.

 

 

 

23ПЙМФ.png 8ЛО.png  6ЦЛ7.png

Ата-аналар жиналысын өткізу формалары.

 

Баланы өмірге бейімделуге мектеп, ұстаз және ата-ананың орны бөлек. Туындаған тәлім – тәрбиедегі жарасымдылық мектептен ата-ана әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Халық Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке тұлға ретінде баға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді.

 

Жобаның өзектілігі:

 

Ата –аналарды мектеппен байланысын ғылыми түрде қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу. Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру.

 

Жоба мақсаты:

 

Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету. Баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру.

 

Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Осы байланыстың тәсілдері жобада қарастырылып, бірнеше үлгісі көрсетілген.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз
етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады.
Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта.
Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. 
Сынып жетекшісінің жұмысы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады.
Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше,отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті.

 

Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді.

 

 

 

 

 

«№2 Песчан жалпы орта білім беру мектебі»ММ 2016-2017 оқу жылының ұйымдастырулы аяқталуына дайындық бойынша іс-шаралар жоспары.

 

Іс-шаралар

Мерзімі

Жауаптылар

1

Педагогикалық кеңес: қорытынды аттестаттауға шығарылатын оқу пәндерінің тізімін анықтау, 5-8, 10 сыныптарда қорытынды аттестаттауды өткізу формаларын анықтау.

27.03.

Оқу ісінің меңгерушілері, ӘБ жетекшілері

2

Өнімдік кеңес: №2 ПЖОББМ педагогикалық ұжымының оқу жылының аяқталуы бойынша нормативтік құжаттарымен танысуы.

15.04.

Н.Т.Алипова

3

Әдістемелік бірлестіктерінің отырысы: «қорытынды қайталауды ұйымдастыру. Емтихандық материалды бекіту».

17.04

ӘБ жетекшілері, Ж.Б.Балғабаева

4

5-8, 10 сыныптарының оқушыларымен «бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру мекемелеріндегі оқушыларды аралық және қорытынды аттестаттау, үлгерімді бақылаудың типтік ережелерімен», мектептегі қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібімен таныстыру бойынша тақырыптық жиналыс өткізу.

20.04.

Н.Т.Алипова, сынып жетекшілері

5

11 сынып оқушыларының жиналысы: «Жауап парақтарын толтыру. ҰБТ тәртіп ережелері. Аппеляцияны өткізу тәртібі».

20.04

Ж.Б.Балғабаева

6

Емтихандар мен ҰБТ өткізілетін, қорытынды қайталауды ұйымдастыру үшін кабинеттерде ақпараттық бұрыштарды ресімдеу.

27. 04 дейін

Пән-мұғалімдері

7

Емтихандар мен ҰБТ өткізілетін, қорытынды қайталауды ұйымдастыру үшін кабинеттерде ақпараттық бұрыштардың дайындығын тексеру.

29.04

Н.Т.Алипова

8

5-8, 10 сыныптарға арналған емтихандық материалдарды дайындау (билеттер)

08.04 дейін

ӘБ жетекшілері, оқу ісінің меңгерушілері

9

Консультациялар мен емтихандар кестесін құрастырып, бекіту.

6.04 дейін

Ж.Б.Балғабаева

10

Мектеп сайтына оқу жылының аяқталуы туралы ақпарат  жариялау.

18.04 дейін

Ж.Б.Балғабаева

11

1-11 сыныптарда оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестаттау тупралы ата-аналар жиналысын өткізу.

18-23.04

Н.Т.Алипова, сынып жетекшілері

12

Таңдау бойынша емтихан тапсыратын 9 сынып оқушыларының тізімін құрастыру.

05.04 дейін

Сынып жетекшілері

13

11 сыныпта апта сайын сынақ тестілеу өткізу.

Әр сәрсенбі сайын

Ж.Б.Балғабаева

14

Қорытынды қайталауды ұйымдастырып, өткізуді тексеру (журналдар, КТЖ, сабақ жоспарлары).

14.05 дейін

Ж.Б.Балғабаева

15

ҚР МОС талаптарын орындауды тексеру: бағдарламаның теоретикалық және практикалық бөлімдерін орындау.

22.05 дейін

Ж.Б.Балғабаева

16

1-4, 5-8, 10 сыныптарды көшіру бойынша педагогикалық кеңес

22.05

Н.Т.Алипова

17

9, 11 сынып оқушыларын емтихандарға жіберу бойынша педагогикалық кеңес.

25.05

Н.Т.Алипова

18

«Соңғы қоңырау» салтанатты жиынын өткізу

25.05

Н.Т.Алипова

19

Көшіру емтихандарын өткізу

27.05-30.05.

Ж.Б.Балғабаева

20

Көшіру емтихандары бойынша және 5-8, 10 сынып оқушыларын келесі сыныпқа көшіру туралы педкеңес.

30.05

Н.Т.Алипова

21

Күзге қалған оқушылармен сабақтар ұйымдастыру.

Күзге қалған оқушыларды қайта аттестаттау.

31.05-13.06.

15.06

Ж.Б.Балғабаева

22

Мемлекеттік емтихандарды өткізу

29.05-09.06

Н.Т.Алипова

23

Негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттау  бойынша педкеңес.

10.06

Н.Т.Алипова

 

 

 

Орта мектеп курсы үшін

 

мемлекеттік емтихандарды өткізу тізімі.

 

11 сынып

 

2016-2017 оқу жылы

 

 

Мемлекеттік емтихан

Мерзімі

Уақыты

Емтихан өткізуші

1

Орыс тілінен жазбаша емтихан (эссе)

29 мамыр

09.00

Т.В.Семенцова

2

Биология (тестілеу)

2 маусым

09.00

Қ.Қ.Рахимжанова

3

Қазақ тілі (тестілеу)

2 маусым

09.00

З.Д.Шалабаева

4

Алгебрадан жазбаша емтихан

6 маусым

9.00

А.В.Селютина

5

Қазақстан тарихынан ауызша емтихан

9 маусым

9.00

Т.Н.Касаткина

 

 

 

 

Негізгі  мектеп курсы үшін

 

мемлекеттік емтихандарды өткізу тізімі.

 

9 сынып

 

2016-2017 оқу жылы

 

Мемлекеттік емтихан

Мерзімі

Уақыты

Емтихан өткізуші

Ассистенті

1

биология

30 мамыр

09.00

С.С.Жұмасанов

Қ.Қ.Рахимжанова

Б.Ш.Избастинова

2

Физика

30 мамыр

09.00

А.Ж.Аятова

Н.А.Усенов

Е.Ш.Жакупова

3

Орыс тілі

3 маусым

09.00

Т.Ж.Жұмабеков

Ж.Қ.Балғабаева

Т.В.Семенцова

4

Қазақ тілі

6 маусым

09.00

Б.Ш.Избастинова

Айнұр Канзелхан

З.Д.Шалабаева

5

Алгебра

9 маусым

09.00

Н.А.Усенов

А.Ж.Аятова

С.С.Жұмасанов

 

 

 

 

 

Көшіру емтихандарын өткізу тізімі.

 

2016-2017 оқу жылы

 

Мемлекеттік емтихан

Сынып

Мерзімі

Уақыты

Емтихан өткізуші

Ассистенті

1

Ағылшын тілі (ауызша)

5 «А»

27 мамыр

09.00

И.Н.Акауова

В.И.Григорьева

Т.М.Макушева

2

Ағылшын тілі (ауызша)

5 «Б»

27 мамыр

14.00

В.И.Григорьева

И.Н.Акауова Т.М.Макушева

3

Математика (жазбаша)

6 «А»

27 мамыр

09.00

Д.К.Макушев

А.В.Селютина

Д.О.Степанов

4

Физика (ауызша)

7 «А»

27 мамыр

10.00

А.Ж.Аятова

Н.А.Усенов

С.С.Жұмасанов

5

Физикм (ауызша)

7 «В»

27 мамыр

14.00

А.Ж.Аятова

Н.А.Усенов

С.С.Жұмасанов

6

Физика (ауызша)

7 «Б»

27 мамыр

14.00

А.Ж.Аятова

Н.А.Усенов

С.С.Жұмасанов

7

Химия (ауызша)

8 «А»

27 мамыр

09.00

С.С.Жұмасанов

К.К.Рахимжанова

В.И.Тишкин

8

Химия (ауызша)

8 «Б»

27 мамыр

10.00

В.И.Тишкин

К.К.Рахимжанова

С.С.Жұмасанов

9

Қазақ тілі (ауызша)

10 «А»

27 мамыр

09.00

Г.Е.Калымжанова

Айнұр Канзелхан

Б.Ш.Избастинова

10

Биология (ауызша)

10 «Б»

27 мамыр

15.00

К.К.Рахимжанова

С.С.Жұмасанов Т.М.Макушева

11

География (ауызша)

6 «А»

29 мамыр

10.00

В.Б.Сидоров

Т.Н.Касаткина

С.С.Жұмасанов

12

География (ауызша)

6 «Б»

29 мамыр

10.00

В.Б.Сидоров

Т.Н.Касаткина

С.С.Жұмасанов

13

Ағылшын тілі (ауызша)

7 «Б»

29 мамыр

11.00

В.И.Григорьева

И.Н.Акауова Т.М.Макушева

14

Қазақ тілі (ауызша)

8 «А»

29 мамыр

09.00

Г.Е.Калымжанова

Айнұр Канзелхан

З.Д.Шалабаева

15

Биология (ауызша)

10 «А»

29 мамыр

09.00

С.С.Жұмасанов

К.К.Рахимжанова Т.М.Макушева

16

Орыс тілі (ауызша)

10 «Б»

29 мамыр

15.00

Т.В.Семенцова

Ж.Б.Балғабаева

Т.Ж.Жұмабеков

 

 

 

Негізгі  мектеп курсы үшін

 

мемлекеттік емтихандарды өткізу үшін консультациялар тізімі.

 

9 сынып «А»

 

2016-2017 оқу жылы

 

Мемлекеттік емтихан

Апта күні

Уақыты

Емтихан өткізуші

Кабинет

1

Биология

Дүйсенбі

16.00

С.С.Жұмасанов

13

2

Физика

Жұма

15.15

А.Ж.Аятова

8

3

Қазақ тілі

Сәрсенбі

16.00

Б.Ш.Избастинова

10

4

Орыс тілі

Бейсенбі

15.15

Т.Ж.Жұмабеков

7

5

Алгебра

Сейсенбі

17.00

Н.А.Усенов

11

 

 

 

 

Негізгі  мектеп курсы үшін

 

мемлекеттік емтихандарды өткізу үшін консультациялар тізімі.

 

9 сынып «Б»

 

2016-2017 оқу жылы

 

Мемлекеттік емтихан

Апта күні

Уақыты

Емтихан өткізуші

Кабинет

1

Химия

Сейсенбі 

15.15

В.И.Тишкин

15

2

Биология

Сейсенбі

16.50

К.К.Рахимжанова

21

3

Физика

Дүйсенбі 

17.00

А.Ж.Аятова

8

4

Орыс тілі

Дүйсенбі 

16.00

Т.В.Семенцова

20

5

Қазақ тілі

Сәрсенбі

17.00

З.Д.Шалабаева

11

6

Алгебра

Бейсенбі

15.15

Д.К.Макушев

22

 

 

 

Оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңарту - ПРОСМОТРЕТЬ

 

«Демалыс-2016» бағдарламасы

 

Аналитикалық хат

 

 

 

«Демалыс - 2016» бағдарламасы №2 Песчан ЖОББМ 6-дан 16 жасқа дейінгі оқушыларына 2016 жылғы 1 маусымнан 31 тамыз аралығына жоспарланған. Бүгінгі күнге мектепте 172 оқушы оқиды, олардың ішінде 1-11 сыныптарда 165 оқушы. Мектеп ауылдық жерде, мәдениетті орталықтардан алыс жерде орналасқан. Жақын жерде ауылдық МҮ, ауылдық әкімшілік, медициналық амбулатория орналасқан.  

 

Мектептің үлкен ауласы бар. Онда:

 

- барлық санитарлық нормаларға сәйкес келетін мектеп ғимараты.

 

- стадион,

 

- спорт алаңы,

 

- үлкен асфальтталған аула.

 

- түрлі өсімдіктер салынған мектеп ауласы.

 

Осының барлығы оқушылардың уақыт өткізуін көңілді етеді. Мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжым осының барлығын жазғы сауықтыру лагеріне қолданады.

 

 

 

Өзектіліктің негіздемесі және бағдарламаның маңызы.

 

Жаз- оқу жылының аяғы мен келе жатқан жаңа оқу жылы арасындағы көпір.

 

Жазғы лагердің тәрбиелік құндылығы оқушылардың эмоционалды демалыс алуына, денсаулықтарын түзетуге, шығармашылық жағынан дамуына, қарым-қатынас жасау, еңбек етуде.

 

Жазғы демалыс –ол тек қана әлеуметтік қорғаныс қана емес, сонымен қатар баланың шығармашылық жағынан дамуы,баланың діни әлемі мен зеректілігінің баюы, қарым-қатынас, шығармашылық жетістіктер. Жазғы мектеп лагері жұмысының бағыттары – дене-шынықтыру-сауықтырулы, туристтік-экологиялық және еңбектік – танымдық мінезі бар.

 

Біздің мұғалімдеріміз балалардың қарым-қатынасы мен жақсы көңіл-күй көңілді жаз мезгілінің кепілі екендігіне сенімді.

 

Жаз мерзімінде көңілді болу керек екендігімен ешкім де бәсекелесе алмас. Балалрмен жазда жұмыстың негізгісі- жігерлі және жағымды эмоционалды көңіл-күй.

 

Жаз – демалыс, сондықтан барлықтары осы уақытта барлық мәселелерді ұмытып, жақсы көңіл-күйге бөленеді.

 

Жазда балалар бірнеше әлеуметтік рөлдерден шығып кетеді. Осы уақытта тұрақты болған суббординациялық, кооперативті және координациялы байланыстар бұзылып, оның орнына жаңа байланыстар пайда болады. Бала жаңа топтарға енеді. Жаңа статусқа ие болады. Өзінің келбетін ауыстырады.

 

 

 

Бағдарламаны іске асыру формалары.

 

№ п\п

Демалыс түрі

Мерзімі

Жауаптылар

1

Мектеп лагері

1 маусым

 2 маусым

1.06 - 15.06

16.06 - 8.07.

Л.Л.Здоровцова

Л.И. Горбунова

А.Ш.Дюсембаева

Л.В. Кучуркина

А.А.Трофимова

2

Спорт алаңы

Маусым

Шілде

Тамыз

О.Н.Щеглов

М.С.Аленов

А.Н.Красноперов

М.К Балгабаенв

3

Қызығушылық бойынша пәндік клубтардың жұмысы.

Маусым

Шілде

Тамыз

Пән-мұғалімдері

4

Мектеп алаңы

Маусым

Шілде

Тамыз

В.И.Тишкин

К.К. Рахимжанова В.И.Григорьева

В.Б.Сидоров

Т.В.Семенцова

Л.В.Кучуркина

Б.Ш.Избастинова

Л.Р Здоровцова

А.А.Трофимова

З.Д.Шалабаева

5

Туристтік отряд

шілде

В.Б. Сидоров

Т.В.Семенцова

 

                

 

 

ӨЗЕКТІЛІК

 

 

 

 

Мектеп алаңындағы жұмысты ұйымдастыру

2015-2016

 

10 сынып (В.И.Григорьева)

Тегі, аты

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Актаев Медетхан

30.05 – 17.06

Тишкин В.И.

2

Амириди Константин

30.05 – 17.06

 

3

Асаев Нурсултан

30.05 – 17.06

 

4

Байгабылова Әсем

30.05 – 17.06

 

5

Жамалиева Аделия

30.05 – 17.06

 

6

Кучуркина Алёна

30.05 – 17.06

 

7

Лапардин Илья

30.05 – 17.06

 

8

Раменский Иван

30.05 – 17.06

 

9

Семенченко Олеся

30.05 – 17.06

 

8 «б» сынып (Л.В.Кучуркина)

Тегі

Аты

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Абдувалиева

Татьяна

20.06 – 24.06

Кучуркина Л.В.

2

Арынова

Айжан

20.06 – 24.06

 

3

Артомонов

Артур

20.06 – 24.06

 

4

Байгобылова

Акмарал

20.06 – 24.06

 

5

Баяндинова

Дарина

20.06 – 24.06

 

6

Жукова

Светлана

20.06 – 24.06

 

7

Казачек

Олег

20.06 – 24.06

 

8

Крафт

Эрих

27.06 – 1.07

 

9

Крыжановская

Вероника

27.06 – 1.07

 

10

Конош

Юлия

27.06 – 1.07

 

11

Мухамеджанов

Ильяс

27.06 – 1.07

 

12

Подольский

Миша

27.06 – 1.07

 

13

Темерканов

Бекзат

27.06 – 1.07

 

14

Хомяков

Анатолий

27.06 – 1.07

 

4 а – 6 а – 7 а – 8 а сыныптар

Тегі

Аты

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Тайлакова

Альмира

4.07 – 8.07

Семенцова Т.В.

2

Теміртас

Әйгерім

4.07 – 8.07

 

3

Избастинов

Махамбет

4.07 – 8.07

 

4

Зейнилгабиденова

Гульназ

4.07 – 8.07

 

5

Ануварбекова

Амина

4.07 – 8.07

 

6

Жукаң

Русия

4.07 – 8.07

 

7

Жакуп

Мадина

4.07 – 8.07

 

8

Мухамедиян

Әлібек

4.07 – 8.07

 

9

Тайлакова

Амина

4.07 – 8.07

 

 

 

7 «б» сынып (Л.Р.Здоровцова)

Оқушының аты –жөні

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Катугина Алина

11.07 – 15.07

Сидоров В.Б.

2

Булатова Эльмира

11.07 – 15.07

 

3

Булатов Елдос

11.07 – 15.07

 

4

Браун Александр

11.07 – 15.07

 

5

Виримеева Светлана

11.07 – 15.07

 

6

Здоровцова Алина

11.07 – 15.07

 

   7

Киблер Виктор

11.07 – 15.07

 

8

Куанышбеков Аскар

18.07 – 22.07

 

9

Қрықбесова Сабина  

18.07 – 22.07

 

10

Мейрамов Темырхан

18.07 – 22.07

 

11

Мокроусова Юлия

18.07 – 22.07

 

12

Нукушев Диас

18.07 – 22.07

 

13

Садыло Ариана                           

18.07 – 22.07

 

6 «б» сынып (А.А.Трофимова)

Оқушының аты-жөні

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Асанова Жанна

25.07 – 29.07

Трофимова А.А.

2

Асанов Искандер

25.07 – 29.07

 

3

Байжуманова Елена

25.07 – 29.07

 

4

Квашнина София

25.07 – 29.07

 

5

Киндирова Жамиля

25.07 – 29.07

 

6

Крыжановская Надежда

25.07 – 29.07

 

7

Куанышбеков Асхат

25.07 – 29.07

 
       

10

Ракушина Екатерина

1.08 – 5.08

Рахимжанова К.К

11

Сериков Наурызбек

1.08 – 5.08

 

12

Титченко Дарья

1.08 – 5.08

 

13

Торжко Анастасия

1.08 – 5.08

 

14

Чичмаренко Иван

1.08 – 5.08

 

15

Шайморданова Амина

1.08 – 5.08

 

16

Эбель Владимир

1.08 – 5.08

 

17

Янцен Костя

1.08 – 5.08

 

5 «а» сынып

Оқушының аты-жөні

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Подольский Геннадий

8.08 – 12.08

Шалабаева З.Д.

2

Земзюлина Вера

8.08 – 12.08

 

3

Каблуков Евгений

8.08 – 12.08

 

4

Квашнин Денис

8.08 – 12.08

 

5

Кучук Алина

8.08 – 12.08

 

6

Сихварт Виктория

8.08 – 12.08

 

7

Сыздық Мөлдір

8.08 – 12.08

 

8

Темиртас Әлия

8.08 – 12.08

 
       

11

Виримеев Василий

15.08 – 19.08

 

12

Григорьева Снежана

15.08 – 19.08

 

13

Крафт Арина

15.08 – 19.08

 

14

Кривошеин Алеша

15.08 – 19.08

 

15

Башкатов Данил

15.08 – 19.08

 

16

Сапета Анастасия

15.08 – 19.08

 

17

Шилойникова Марина

15.08 – 19.08

 

18

Конош Дима

15.08 – 19.08

 

4 сынып

Оқушының аты-жөні

Жұмысты өтеу мерзімі

Жауапты

1

Байгабылова Акмаржан

22.08 – 26.08

Рахимжанова К.К.

2

Байжуманова Надежда

22.08 – 26.08

 

3

Виндер Максим

22.08 – 26.08

 

4

Гурин Данил

22.08 – 26.08

 

5

Гурин Кирилл

22.08 – 26.08

 

6

Денисов Эрик

22.08 – 26.08

 

7

Жукова Олеся

22.08 – 26.08

 

8

Макушев Илья

22.08 – 26.08

 

9

Раисов Самуил

22.08 – 26.08

 

10

Семенцова Анастасия

22.08 – 26.08

 

11

Терехин Никита

22.08 – 26.08

 

 

 

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com