«Мәңгілік ел-мәңгілік тіл» онкүндігі

Тіл – әр халықтың рухани, мәдени, адами баға жетпес құндылығы.                    Тіл – ұлттың ұлылығының бірден-бір айнасы. Сондықтан да тіл-қай елде болмасын қастерлі, құдіретті рухани, әрі тарихи құндылық. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс-берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары.  «Ұлттың сақталуына да, жоғауына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген екен Ахмет Байтұрсынұлы, олай болса,  еліміздің  өткенінен сыр шерткен, келешегіне айқын жол сілтеген, бабалар үнін ұрпаққа жеткізіп, қазақ ұлтын әлемге паш еткен құдіретті ана тіліміздің төрімізден ойып тұрып орын алып, тұғырына қонуына үлес қосу – ұрпақ алдындағы басты міндет болмақ.                                                                     Қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. «Өз тілің – бірлік үшін, өзге тіл – тірлік үшін»// «Топтастыратын да –тіл, от бастыратын да  - тіл»-деп Қадыр Мырза Әли айтқандай,  мәңгілік ел болып қалу үшін, бірліктің тілін ұлықтайық, тірліктің тілін де ұмытпайық. Тіліміз арқылы топтасуға ұмтылайық. Дәл осы мақсаттың төңірегінде Песчан № 2 ЖОББМ-де Тілдер күніне орай «Мәңгілік ел – мәңгілік тіл» атты онкүндік өткізілді. Онкүндік барысында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар, «Тіл мәрбетесі-ел мерейі» атты мүшайра, «Тілдер әлемінде» атты қабырға газеті, кітап көрмесі,  «Сауатты жазу – өркениет өнегесі» атты диктанттар байқауы.т.б. түрлі формада жұмыстар ұйымдастырылды.  

Онкүндікке  мектеп ұжымы бірлесе ат салысты. Шәкірттер тарапынан барлық сайыстар мен іс шараларда белсенділік танытқандар, онкүндігіміздің жабылуына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында марапатталды

                   Песчан №2 ЖОББМ Айнұр Канзелхан

 

 

.png    .png

 

.png

       

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram