«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз»

14.12.16 жылы  № 2 Песчан жалпы білім беру мектебінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты мерекелік іс-шара  өткізілді.

    Ғасырлар бойы армандап, азаттықты аңсаған елдің тілегі орындалды. 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егеменді ел болып танылып, тәуелсіздігімізді жарияладық. Тәуелсіздігімізді алғаннан бері осы уақытқа дейін көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халқы,Отаны үшін жасап жатқан елеулі қызметінің нәтижесі. Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басынан өткізген ержүрек ұлдарымыз бен қыздарымыздың есімдерін өшірмей, мәңгі жүрегімізде сақтау – біздің парызымыз.

   Міне, бүгін еліміздің егеменді ел ретінде танылғанына, еркіндікте өмір сүріп келе жатқанына, яғни Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толғалы отыр. Бұл мереке Қазақ тарихындағы ұлы, мерейлі той, ұлттық мереке. Осындай  ұлттық мерекені бүгінгі таңда халық та, өскелен ұрпақ та жүрегімен сезінуі керек деп ойлаймын. Тәуелсіздік алып, еркіндікке қол жеткізу үшін қазақ халқының батырлары қан төгіп, қыршын өмірлерін қиған. Осындай намысшыл перзенттердің ерлік істерін  еске алып, келесі ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

     Осы міндетімізді атқару мақсатында әр сынып оқушыларына нақты тапсырмалар беріліп, олардың нәтижесін бүгінгі мерекелік шарада көрдік.    10 «б» оқушылары бейнеролик дайындап, еліміздің бастан өткеніне шолу жасасап, тарих қатпарларына үңілдіріп, өкенді еске түсірсе,   7 «А» сынып оқушысы  Тайлакова Альмира өзінің Тәуелсіздік күніне арнаған өлеңін  көрермен назарына ұсынды.

   Тәуелсіздік – халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік – халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн. Мектеп оқушылары мен ұстаздар осы күнге өз ерең еңбектерімен көзге көріне білді. Мектеп директоры Алипова Н.Т. Тәуелсіздік күнімен құттықтап, әр түрлі додада орын алып, еңбектері жанған оқушыларды марапаттап, ұстаздарға алғысын айтты.

  «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 25 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп, елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Қазақстанды әлемге бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, елімізге тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз.Әр ұлттың тәту – тәтті өмір сүріп жатқанның куәсі ретінде  оқушылардың орындауында неміс халық әні, орыс әні «Ромашка» нақышына келтіріп шырқалса, қазақ биі «Қызғалдақтар», «Полька», «Танец матрешек» билері көрерменді бейжай қалдырған жоқ.

11 сынып оқушыларының орындауында «Әскери би» көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. 

    Тәуесіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, жетістіктеріміз артып, талай биік белестерді бағындырып келеді. Қазақстан – бүгінде Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан мемлекет. Аз ғана уақыттың ішінде еліміз дамып, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің керемет елдерімен теңесіп келеді. Бұл жетістіктердің барлығы елімізге татулық пен бірлік орнатқан елбасымыздың арқасы деп білеміз.Барлық оқушыларға бірдей жағдай жасалып отырғанның куәсі ретінде, мың бұралған, қазақ қыздарына тән қимыл – қозғалыстарымен көрерменнің қошеметіне бөлене білген

5,7 «А» - сынып қыздарының орындауында «Үкі»  биі, «Айналайын» әнімен салтанатты кешті әрледі.Осы кешті мәнді де, сәнді өту үшін Зейнилғабиденова Г., Ізбасты М. өз үлестерін қосты. Әр сынып өздерінің алдына қойған мақсатты ойдағыдай орындап, ұстаздардың ыстық ықыласына бөленді.

Елім менің, туған жерім,

Тәуелсіз менің – Отаным!

Елім менің, жерім менің,

Нұрымсың ғой сен менің.

Тәуелсіз менің – отандастарым,

Тәуелсіз менің – туыстарым.

Елім менің, жерім менің,

Күнімсің ғой сен менің.

Тәуелсіз менің – жолдастарым,

Тәуелсіз менің – құрдастарым.

Елім менің, жерім менің,

Асылымсың ғой сен менің !   деп  М. Ізбасты жырлағандай.

  Қонақжай әрі тату, намысшыл ұландар көбейіп, болашағы зор мемлекет,

Қазақстан, жасай берсін!

№2 ПЖОББМ қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Избастинова Б.Ш.

.png

.png

 

 

.png

 

.png

 

.png

 

.png

 

7куь5н.png

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram