Өзін-өзі танудан онкүндік бойынша ақпарат. №2 Песчан ЖОББМ.

bioterapia_metoda_zdenko_domancica.jpg  2018 жылғы 1 ақпаннан 12 ақпан аралығында Қазақстанның тұңғыш ханымы Сара Алпысовнаның туған күніне арналған «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» онкүндігі өтті.

Мақсаты: балаларды жақсылық жасауға үйрету, адамдарға махаббат пен қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін , артистизм, қиялдарын дамыту.

Ұран: «Өзіңді танысаң айналаңдағының барлығы мейірімдірек, жарық және түсініктірек болады!» 

Онкүндіктің ашылуы 1 ақпан күні өткізілген салтанатты жиыннан басталды. Өзін-өзі тану мұғалімі Т.М.Макушева өзін-өзі тану оқулығының авторы Сара Алпысовнаның шығармашылық және қайырымдылық қызметі, құрметті марапаттары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, 8 сынып оқушылары сабақта үйренетін адамгершілік қабілеттер, жалпы адамзаттық құндылықтар, мейірімділік, шындық туралы өлеңдер оқыды. С.А.Назарбаеваның өзін-өзі тану пәні бойынша эпиграфтары мен сөздері тыңдалды. Әрі қарай, он күн бойы өткізілген ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың тақырыптары аталды.

Онкүндік барысында келесі іс-шаралар өткізілді:

- мектеп кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

 

6тиук.png

 

 

- «Алтын жүрек анамыз», «Сердце, наполненное любовью» оқырмандар сайыстары

4тн_3ие.png

 

 

- мектеп фойесінде «Мейірімділік әлемі» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі рәсімделді.

5ш_4гтни.png

 

 

- өзін-өзі танудан «Мейірімділік – асыл қасиет», «Өнеге – отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Доброта – солнце, согревающее сердце человека», «Қызығы толы бұл әлем», «Утро радостных встреч» тақырыптарында сабақтар өткізілді.

5и4.png

 

-         3 ақпан күні «Мейірімді кездесулер» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.

5_н4ек.png

 

Онкүндіктің қорытындысы 12 ақпан күні шешілді.

Белсенділік танытқан оқушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды. Сол сияқты мақтау қағаздарымен шығармашылық өнер және әдемі суреттері үшін де оқушылар марапатталды.

Орындаушы. Макушева Т.М.

BannerFans.com
<BannerFans.com

Яндекс.Ауа-райы

BannerFans.com

Instagram